MMET CLINIC

PlayStation-да ойната
отырып, жаңа тәсілмен
ауыртпай СҮНДЕТ
жасаймыз
15 000-нан астам сәтті
сүндеттеу және басқа да
ота түрлерін жасадық
Мамандарымыз жыл
сайын Америка, Индия,
Израиль елдерінде
білімін жаңартады
Ерлердің жыныс
мүшесіне қатысты
отаның барлық түрін
жасаймыз

Сәлеметсіз бе. Сүндетке отырғызуды туғаннан кейін 7-ші күні және 40 күнде жасау ұсынылады. Ата-ананың қалауына байланысты сүндетке отырғызу кез келген жаста мектепке дейін жасалады.

Аталар мен әжелер сүннетке отырғызуды 3 және 5 жастан асқанда жасаған дұрыс деп санайды. Кейінірек жасауды талап етсе, отбасында түсініспеушілік болмас үшін , үлкендеріңізді тыңдаңыз. Бұл дұрысырақ болады.
Кез келген операция сияқты, егер медициналық көрсеткіш болса, ол жоспарлы түрде жасалады және жыл мезгіліне және жасына қарамастан ағзаға байланысты емделеді.

Басқа жағдайларда, адамдардың қалауына байланысты. Кейбіреулерге қыстық демалыста жүргенде жасап үлгерген ыңғайлы, соған байланысты қыста жасап үлгергісі келеді. Кейбір ата-аналар баласы қыстық каникулда жүрген уақытты пайдаланғысы келеді немесе қыста баланың емі жеңіл өтеді деп санайды.

Біздің қандастарымыз, әр түрлі көрші елдерден көшіп келген қазақтар қыста сүндет жасауға тырысады – «құс қайтқанға дейін», бұрынғы қазақтар да осылай жасаған. Сізге қайсысы ыңғайлы болса соған қараңыз. Ең бастысы - операцияны дұрыс орындау.
1- 👫 Ата-анасы ұсақ-түйекке дейін айтып береді, ал балалар оны тура мағынада қабылдап, "әпшуін" мүлде кесіп тастайды деп ойлайды. (оларды қорқытпаулырыңызды сұраймыз 🥹)

2- 👨‍⚕️ «ақ халат синдромы», басқа дәрігерлермен кездесуі жағымсыз естелік қалдырғандықтан медицина қызметкерлерінен қорқынышы болады.

3- 👦 балалар бөтен адамдардан және бейтаныс кеңістіктен қорқып, үрейленіп жылайды.

Бала үшін ең бастысы - ата-анасының қасында және қолдау көрсететінін сезіну. Ал біздің дәрігерлер балаңыздың физикалық ауыртпалығын сезінбеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.